USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Парламент Мәжілісінің депутаты іссапармен Жарма ауданында болды

Парламент Мәжілісінің депутаты іссапармен Жарма ауданында болды3-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметов жұмыс сапарымен Жарма ауданында болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ішкі саясат бөлімінде хабарлағандай, Мәжіліс депутаты ауданға сапарын Қалбатау ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысудан бастады. Бұл спорт нысаны «Туған жерге тағзым» акциясы аясында белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың демеушілігімен қолға алынған болатын. Шалатай Мырзахметов бұдан кейін «Айгөлек» балабақшасында, «Өнер» мектебінде, тарихи-өлкетану мұражайында, Спорт модулінде, Жастар үйінде болды.

Түстен кейін Ш.Мырзахметов Шар қаласындағы теміржолшылар аллеясының салтанатты ашылуына қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Бұдан кейін қаладағы Карелин атындағы орта мектеп ұжымымен кездесіп, сайлаушылардың сауалдарына жауап қайтарды. Мәжіліс депутатының жұмыс сапары барысында Жарма ауданының әкімі Ә.Мұхтарханов бірге жүрді.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде