USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Омарташылықтың негіздерін Бобровка мектебінің оқушылары үйренеді

Омарташылықтың негіздерін Бобровка мектебінің оқушылары үйренедіОмарташылықтың отаны саналатын Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында «Шығыс Қазақстан омартасы» атты жаңа жоба жүзеге асты. Жоба аясында Бобровка мектебінің оқушылары омарташылықтың негіздерін үйренеді.

Бұған қоса аудандағы ғылыми-зерттеу институтынында 6 айлық курстар ұйымдастырылып, оқуды тәмамдағандарға арнайы куәліктер табысталады. Биылғы жылдың өзінде осындай куәліктер 19 адамға берілген екен. «Бұл жұмыс жалғасын табады. Өйткені омарташы негіздерін білген адам келешекте өз отбасын қамсыздандыра алады»,- деп атап өтті аудан әкімі Нұрлыбек Шерубаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәжілісінде.

Аудан әкімінің айтуына қарағанда, омарташыларды қолдап, бал өнімдерін өткізу мақсатында биыл Шымкент, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Жол шығындарын аудандық әкімдік өз мойнына алыпты. Осы жәрмеңкелерде барлығы 50 тонна бал өнімдері саудаланды.

Сонымен қатар ауданның омарташыларын қолдау және олардың өнімдерін сату проблемаларын тиімді шешу мақсатында "Глубокое ауданы омарташыларының ассоциациясы" құрылған.

Мәлімет көзі: ШҚО ақпараттық орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде