USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендік балуан Руслан Сейілханов Әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

Өскемендік  балуан Руслан Сейілханов Әлем чемпионатынан  алтын медальмен оралдыӨскемендік балуан Руслан Сейілханов Әлем чемпионатының алтын медалін қанжығасына байлады. Дзюдо күресінен ардагер спорт шеберлері арасында ұйымдастырылған Әлем чемпионаты
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы - Абу-Даби қаласында өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл дүбірлі жарысқа Қазақстан құрамасының сапында еліміздің көптеген облысынан 38 балуан қатысты.
Руслан алғашқы белдесуінде Англия балуанын, одан соң молдавиялық спортшыны айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда салмағы өзінен әлдеқайда ауыр Украина балуанымен айқасты. Қарсыласы тыйым салынған тәсілді қолданса да, біздің балуаннан айласын асыра алмады. Ақыры, күрес ережесін бұзғаны үшін жарыстан шығып қалды.

– Руслан ақтық бәсекеде Бразилияның атағы жер жарған балуанымен жекпе-жекке шықты. Олар бұдан бұрын да татами үстінде бірнеше рет айқасқа түскен сыралғы балуандар болғандықтан, бір-бірінің басым және осал тұстарын да жақсы білді. Аса тартысты өткен арпалыста біздің балуанның қасқағымда жасаған әдісі сәтті шығып, қарсыласына мықтылығын мойындатып, алтын медальды иеленді, – дейді облыстық дзюдо күресінің аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Дуанов

Былтыр осы уақытта АҚШ-тың Майами қаласында дзюдо күресінен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алған Руслан биыл міне, екінші мәрте топты жарып шықты. 100 келі салмақ дәрежесінде әлемде теңдесі жоқ балуан екенін тағы да дәлелдеді.

Бұл күндері Руслан Сейілханов Өскемен қаласында ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментіндегі басқарманың бөлім басшысы қызметін де абыроймен атқарып жүр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: әлем чемпионаты дзюдо
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде