USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алматылық кәсіпкер Жарма ауданындағы өзі оқыған мектепке автокөлік сыйлады

Алматылық кәсіпкер Жарма ауданындағы өзі оқыған мектепке автокөлік сыйладыАлматы қаласындағы «Көмек-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жомарт Сәдуақасов «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында Жарма ауданындағы «Бақыршық» орта мектебіне жеңіл автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жомарт Мұхаммедсайдиұлы кезінде осы мектепте оқып, білім алған. Туған жеріне сағынышпен келгенінде мұғалімдермен, оқушылармен кездесіп, балалық шағын еске алып отырады. Жас жеткіншектер үшін мұндай бас қосудың үлгі-өнегелік, тәлім-тәрбиелік маңызы бар екені де белгілі.

Осыдан 14 жыл бұрын мектептегі бокс секциясына қатысқан балаларды былғары қолғаптармен, басқа да керек-жарақтармен қамтамасыз еткен абзал азамат содан кейінгі жылдары осы білім ордасының спортзалына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік көрсетті. Мектеп кабинеттерін жабдықтауға қаржылай жәрдемдесті.

Шетелдік он алты орындықты су жаңа автокөлік оқушылардың игілігіне берілді. Әсіресе, көршілес ауылдардан келіп, осы мектепте оқитын балалар енді жылы да жайлы жеңіл көлікпен жүретін болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: автокөлік сылады
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде