USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Күршім ауданында екі балықшы суға кетті

Күршім ауданында екі балықшы суға кеттіКүршім ауданының екі тұрғыны өткен жексенбіде балық аулау кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орынхай ауылының 25 және 34 жастағы екі тұрғыны Марқакөл көліне балық аулай барғанда мұздың астына түсіп кеткен. Бақытсыз оқиға таңғы 6 сағат 30 минутта тіркелген. Мұз астына кеткен ауылдастарын дереу іздеуге кіріскен жергілікті тұрғындар бір сағаттың ішінде екеуінің де денесін жағаға алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 26-қазанда дәл осы көлде тағы үш адам балық аулау кезінде суға кеткен болатын. Онда да күн жексенбі еді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: күршім ауданы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде