USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Елбасының «Еркін елдің ертеңі» атты кітабы оқырманға жол тартты

Елбасының «Еркін елдің ертеңі» атты кітабы оқырманға жол тарттыЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі, Назарбаев орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еркін елдің ертеңі» жастарға арналған қойын кітап. Кітапқа Елбасының бірлік, адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ой толғаныстары топтастырылған.

Қойын кітап үлгісінде үш тілде қатар жарық көріп отырған жинақ «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында жастарға бағыт беретін бағдаршы болмақ.

Елбасының «Еркін елдің ертеңі» атты кітабы оқырманға жол тарттыШара шеңберінде Н. Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» атты аудиокітабының AppStore, Play Market және Marketplace-қа арналған электрондық қосымшаларының да тұсауы кесіледі. Бұдан былай аталмыш туындылар интернет-дүкендер арқылы барша қазақстандықтарға қолжетімді болады.
Тұсаукесер рәсімінде жастардың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған бейнехаты көрсетілді.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері мен мектеп оқушыларына Елбасының қолтаңбасы қойылып, тілегі жазылған кітаптар табысталады.

«1990 жылдардың басы ұлтымыз үшін, халқымыз үшін қиын жылдар болғаны ақиқат. Ал Елбасы осы қиындықтарға қарамастан жастардың өсіп жетілуіне үлкен жағдай жасады. Бұл жағдай «Болашақ» жастар стипендиясының құрылуы еді. Осындай сын уақытта Елбасымыз тәуелсіз елдің ірге тасын қалады. Бұл қазақ елінің алдындағы үлкен арман, мақсат болды. Аллаға шүкір, Елбасының арқасында бәріміз зор жетістікке жетіп отырмыз. Бүгінгі таңда мен «Болашақ» бағдарламасымен Швецарияда оқып келіп, «Назарбаев Университетінің» жоғары білім беру мектебінде жұмыс істеймін. Осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, қазақ жұртының одан әрі қарай өсіп-өркендеуін тілеймін! Туымыз әр қашан биіктен желбірей берсін!», дейді жастардың бірі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Дулат Жақсыбеков.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде