USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мемлекет меншігіндегі 16 нысан жеке кәсіпкерлерге беріледі

Мемлекет меншігіндегі 16 нысан жеке кәсіпкерлерге беріледіӨңірдегі мемлекет меншігіне қарасты 16 нысан шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің иелігіне берілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Соның бірі – Өскемендегі «Өскемен-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған кәсіпорынның 51 пайыз жарғылық капиталы жекешелендіруге жатқызылмақшы. Сауда ағымдағы желтоқсан айының 4-і күніне белгіленіп қойыпты.

Жекешелендіру науқаны, сондай-ақ, Семей мен Курчатов қалаларындағы, Аягөз, Зайсан, Шемонайха және Катонқарағай аудандарындағы бірсыпыра серіктестіктерін қамтиды деп отыр облыстық қаржы басқармасының өкілдері.

Естеріңізге салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және коммуналдық меншік иелігіндегі бюджет қаржысына ұстауға қажеттілік жоқ нысандарды түгелдей жекешелендіру туралы тапсырма берген болатын-ды. Мінеки, осы міндетті орындау мақсатында жергілікті атқарушы билік жақын келешекте 16 нысанды жекеменшікке беруге дайын.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде