USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ереже бұзған жүргіншілер тұрмыстық техникаларынан айырылады

Ереже бұзған жүргіншілер тұрмыстық техникаларынан айырыладыӨскеменде жол ережелерін бұзғандарға жуық арада жазаның жаңа түрі қолданылады. Бұл жолы жол сақшылары нысанаға жаяу жүргіншілерді алып отыр. Бұдан былай жол тәртібін бұзып, айыппұлдарын төлеуге асықпаған өскемендіктер үйлеріндегі тұрмыстық техникалары мен құнды заттарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазір полицейлер бастамасымен арнайы топтар құрылып жатыр, бұл іске сот орындаушылары да білек сыбана кірісетін болады.

- Осы мақсаттағы жұмыстарға байланысты кезекшілік кестесі жасалып жатыр. Жуықта рейдтер басталады. Тәртіп бұзып, айыппұл төлегілері келмей жүрген азаматтардың пәтерлерін аралаймыз. Айыппұл төлемесе, заттарын тәркілейміз, мысалы, теледидарларын, - дейді облыстық ІІД әкімшілік іс-тәжірибе бөлімінің басшысы Гүлнар Берғалиева.

Полиция қызметкерлері мұндай рейдтердің нақты қай күні басталатынын айтқан жоқ. Ал айыппұлдарын төлей алмай жүрген тәртіп бұзушылар үшін төлем түбіртегін алуға әлі уақыт бар. Тұрмыстық техникасынан айрылғысы келмейтіндер мойындарындағы берешектерін ертерек төлеп тастағандары ләзім.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол қауіпсіздігі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде