USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Француз дәрігерлері Семейде антитабак кабинетін ашты

Француз дәрігерлері Семейде антитабак кабинетін аштыСемейде темекімен күресудің жаңа медициналық әдістері қолданылып жатыр. Таңқалдырарлық әсері бар емдік курстардың алғашқы нәтижелері де жаман емес сияқты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Семей наркологиялық диспансеріндегі антитабак кабинетін француз дәрігерлері ұйымдастырып отыр екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Емделушіге никотинге ұқсас арнайы дәрі салынады. Құрамында никотині бар дәрі темекіге деген тәуелділікті біртіндеп жеңе отырып, зиянды әдетпен мәңгі қоштасуға көмектесетін көрінеді. Осы мекемеде еңбек ететін қызметкерлер темекіні біртіндеп тастай бастағанын айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдегендей, тәуелділіктен емдеудің бұл тәсілі тегін медициналық көмектер тізіміне кірмейді. Емделем деушілерге қызмет ақылы. Арнайы белгіленген баға бойынша бір емдік курстың құны 5810 теңге тұрады екен. Алдағы 2014 жылы антитабак кабинеттері Өскемен қаласында да ашылмақ.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, әлемдегі ер адамдардың 60 пайызы, әйелдердің 20 пайызы шылым шегеді екен. Жас өспірімдердің 27 пайызы темекіні жолдастарының әсерімен, 40 пайызы қызықтап, 17 пайызы үлкендердің қолдауымен тартады. Осы жағымсыз қылыққа әуес жас жеткіншектердің 85 пайызының ата-анасы көк түтінді будықтататындар екені дәлелденген. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35 - 69 аралығында.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде