USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Сапасыз жөнделген үйлердің тұрғындары жауапсыз мердігерлермен соттасып жатыр

Сапасыз жөнделген  үйлердің тұрғындары жауапсыз мердігерлермен соттасып жатырСапасыз жөнделген үйлердің тұрғындары жауапсыз мердігерлермен соттасып жатыр. Облыс орталығындағы терможаңғыртудан өтіп, қайта жаңартылған 26 көпқабатты тұрғын үй сапасыз жөнделген болып шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы Өскеменде – 42, 2011 жылы – 87, биыл – алты көпқабатты тұрғын үй республикада жүзеге асырылып жатқан терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткізілді. Биыл қалаға аталмыш бағдарлама аясында жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Қайта жаңғырту шаралары қайтарылып жатқан несие қаржылары есебінен жүргізілуде.

Өскеменде бағдарламаға қатысып, баспаналарын жөндеуге ниет білдіріп отырған кондоминиум нысандары өте көп. Алайда, атқарылған жұмыстың сапасыз болуынан, жөнделген үйлердің ішінде шатырынан су сорғалап, қасбеті құлап қалып, су құбырлары жарылып кетіп жатқандары да аз емес.
Облыстық тұрғын үй пайдалану басқармасының бас инженері Валерий Рахуба қазір қалада осындай 26 үй анықталып отырғанын айтады. Оларды «Бегімбай», «ВК Полимерпласт», «Алиса Бильд» серіктестіктері мен «Дремов» ЖК жөндеген.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде