USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Риддер қаласында жол шетінен ер адамның мүрдесі табылды

Риддер қаласында жол шетінен ер адамның мүрдесі табылдыРиддер қаласында жол шетінен ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнын тексерген полиция қызметкерлері, бұл адамның жол апаты жарақаттарынан қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

ШҚ облыстық әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері А.Тұрғанбаев, С.Рахимов, С.Манабаев және Риддер қалалық әкімшілік полициясы бөлімі бастығының орынбасары Мират Мурзаканов жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған күдікті қолға түсті. Ол Риддер қаласының 22 жастағы жүргізушісі болып шықты.

Әкімшілік полициясының қызметкері А.Тұрғанбаевтың айтуынша, жол апаты қырғыз нөмірі бар авкөлікпен жасалғаны белгілі болған. «Одан кейін барлық фактілерді жинақтап, салыстырып, күдіктіні әшкерелеу көп қиындықты тудырады. Біз соған қарамастан осы қылмыстың ізін суытпай ашуға тырыстық», дейді маман.

Өткен 10 ай ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншілер мерт болған, жүргізушілер оқиға орнынан қашып кеткен төрт жол апаты тіркелген. Осы қылмыстардың 4-уі әкімшілік полициясы қызметкерлерінің күшімен ашылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде