USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Екі жұмысшыны ажал аузынан құтқарып қалды

Екі жұмысшыны ажал аузынан құтқарып қалдыСемейлік әскери қызметкер екі жұмысшыны ажал аузынан құтқарып қалды. Осы ерлігі үшін Ердан Садықов Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының арнайы Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқиға былай болған. Су құбырын дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан үш адам аяқастынан ауа жетпей булығып, қатты тұншығады. Естерінен тана бастағандықтан өз күштерімен шұңқырдан шыға алмай да қалады. Дәл осы кезде олардың
қасынан Ержан Садықов өтіп бара жатқан-ды.

Ол адамдардың қиналған дауыстарын естіп дереу көмекке ұмтылады. Шұңқырдағы адамдарды сыртқа шығаруға кіріседі. Уланғандардың екеуін құтқарғанымен, үшіншісін аман алып қалу мүмкін болмайды. Осы ерлігі үшін төтенше жағдайлар басқармасы әскери қызметкерді марапаттап, бағалы сыйлық табыс етті.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: оқиға ерлік
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде