USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа мешіт ашылды

Жаңа мешіт ашылдыҚаратал ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында жаңа мешіт бой көтерді. Оның ашылу салтанатына жамағатпен бірге ҚМДБ дін істері бөлімінің меңгерушісі, осы ауылдың азаматы Кәмілжан қажы Бекбосынұлы, мешіт істерінің бөлім меңгерушісі Ербол қажы Сағиұлы арнайы қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz
.
Ғибадатхананы Қараталда туып-өскен, кейіннен 90-шы жылдары қалаға қоныс аударған Айтан Биболов дейтін азамат салып берді.

– Бұл біздің ауылымызға жасаған тағзымымыз. Әйелім екеуіміз де осында туып-өстік. Қазір екі бала тәрбиелеп отырмыз. Мешіт құрылысына 6 млн. теңгедей қаржы жұмсалды. Халықтан айналайын, көмек қолдарын созды. Қолда барымен бөлісті, – дейді Айтан Биболов.

Мешіт құрылысына осы ауылдың тұрғыны Тыныс Қонабаев бастаған көп жігіттер табанды көмек көрсеткен. Бүгінде басқа жерде кәсіппен айналысып жүрген осы ауылдың тумалары Қ.Хасенов, Е.Қайранбаев мешітке қалы кілем сыйға тартса, алматылық қонақтар діни кітаптар табыс етті.

Ал үлкен істің басы-қасында жүрген Айтан Биболовқа жерлестері ат мінгізді.

Мұратқазы Саябаев
Мәлімнет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мешіт
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Алтынай
    Құттықтаймын!
Біз әлеуметтік желілерде