USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Флешмоб Елбасыға арналды

Флешмоб Елбасыға арналды«Болашаққа - Президентпен» атты флешмобты Бесқарағай ауданындағы Үлкен Владимировка орта мектебі оқушылары ұйымдастырды. Бұл шара тұңғыш Президент күніне арналған мәдени іс-шаралар онкүндігі аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еліміздің Әнұраны орындалысымен оқушыларды аудандық кітапхана директоры Ж.Алпыспаева құттықтады. Бұдан кейін балалар «Елбасын жастар қолдайды», «Болашақ – жастардың колында», «Алаштың арманын орындаған Елбасы», «Сеніміңізді ақтаймыз, Елбасы» деген сөздерді айтып, ортаға шықты.

Сондай-ақ, Елбасының еңбегі мен қайраткерлік қызметі туралы «Мақтанышым – Елбасым» әнімен бейнекөріністер көрсетіліп, оқушылар өлеңдер оқыды.

– Бұл мереке өсіп келе жатқан ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігін, Мемлекет басшысына деген құрметін одан сайын арттырып, өз елінің патриоты болып тәрбиеленуіне үлкен ықпалын тигізеді, – дейді кітапханашы Ж.Алғалиева.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде