USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көктайғақтың алғашқы зардап шегушілері Шығыс Қазақстанда тіркелді

Көктайғақтың алғашқы зардап шегушілері Шығыс Қазақстанда тіркелдіЖолдағы көктайғақтың алғашқы зардап шегушілері Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Өскемен-Зырян тас жолының 9-шақырымында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан екі жолаушы жарақат алған., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық әкімшілік полициясының берген мәліметтеріне сәйкес, Өскеменге қарай бағыт алған Ниссан Цефиро автокөлігінің жүргізушісі көктайғақтың салдарынан басқаруға ие бола алмай, Фольксваген Пассат шетелдік көлігіне соғылған. Жол-көлік апатында зардап шеккендер жарақаттармен дәрігердің көмегіне жүгінді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты көктайғақ
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде