USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дәулет Тұрлыханов семейлік «Спартак» футбол клубына автобус сыйлады

Дәулет Тұрлыханов семейлік «Спартак» футбол клубына автобус сыйладыОлимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыханов семейлік «Спартак» футбол клубына заманауи автобус сыйлады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семейде Олимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстан Республикасы Біріншілігінің күміс жүлдегері, Премьер Лига жолдамасының иегері «Спартак» футбол клубына құрмет көрсетілді.

Қошеметтеу салтанаты барысында Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа «Семей қаласының құрметті азаматы» белгісі мен куәлігі табыс етілді. Осы қуанышты сәтте Дәулет Болатұлының «Спартак» футбол клубының Құрметті президенті болып сайланғаны белгілі болды.

Спорт қайраткері өз кезегінде «Спартак» футбол клубына келесі маусымда сәтті өнер көрсетулерін тілеп, заманауи автобусты сыйға тартты.

Сурет Д.Ахметовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Дәулет Тұрлыханов
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде