USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда жол оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестіріліп жатыр

Шығыс Қазақстанда жол оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестіріліп жатырШығыс Қазақстанда жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен екі жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық әкімшілік полициясының баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

20-қараша күні 19 сағат 20 минут мөлшерінде Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылында №76 үй маңайында белгісіз автокөлік жүргізушісі жүргіншіні қағып кеткен. Омыртқасы сынып, басынан жарақат алған 19-жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

20 қараша-күні сағат 21 – де Семей қаласының Театральная көшесінде 74 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қарт әйел он жақ иық сынығыментүсті. Бұл жолы да кінәлі жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған.

Жоғарыда баяндалған оқиғалар жөнінде қандайда ақпарат болатын болса, ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондарына немесе 77-46-76 телефоны арқылы іздеу бөліміне хабарлауларыңызды сұраймыз. Беймәлімділікке кепілдік береміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде