USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)«Мәдени сенбілік» бағдарламасының шеңберінде Семейдегі Невзоровтар отбасының өнер мұражайының қалпына келтіру шеберханасында суретші-реставратор О.О. Рубинчик мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Суретші-реставратор Семей шаһарындағы №43 орта мектептің 5 «б» сынып оқушыларымен «Картиналар да «ауырады»» - атты тақырыпта әңгіме-дүкен құрды.

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)Суретші балғындарға картиналарды қалай «емдейтіні» жайлы және біздің елімізде суретші-реставратор мамандардың жеткіліксіздігі туралы айтты. Балалар реставрация жасау және оған керекті құрал-жабдықтарға қызығушылық танытты.

Семейде суретші-реставратор мектеп оқушыларымен қызықты әңгіме сағатын өткізді (+фото)Кейбір оқушылар келешекте осы мамандық жайлы ойланатындарын білдірді. Кетерінде балалар туындыларға тезірек "жазылып кетулерін» тіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде