USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шемонайхада 30 пәтерлі үй салтанатты түрде пайдалануға берілді

Шемонайхада 30 пәтерлі үй салтанатты түрде пайдалануға берілді20-қарашада Шемонайхада 30 пәтерлі үй салтанатты түрде пайдалануға берілді. Шемонайхалықтар үшін маңызы зор бұл шараға Шығыс Қазақстан облысының басшысы Б.Сапарбаев, аудан басшылығы, қоғам белсенділері мен аудандық мәслихаттың депутаттары, жаңа пәтерлердің болашақ қожайындары жиналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Тұрғындарды жаңа баспананың пайдалануға берілуімен құттықтаған облыс әкімі Шемонайхадағы көп пәтерлі үйдің тапсырылуы Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралардың алғашқысы екенін атап өтті.

Жаңа тұрғын үйдің мекенжайы да анықталып қойыпты – Жуков көшесі, №14 «А». Бұл жерден баспана алатындардың қатарында пәтер кезегінде алғашқы болып тұрғандар – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, сонымен қатар бюджет саласының қызметкерлері – мұғалімдер, дәрігерлер, басқа да жеңілдікке ие жандар бар.

Шемонайхада 30 пәтерлі үй салтанатты түрде пайдалануға берілдіТеміржолшылар кентінде осы күні алғашқы жеке меншік бала бақша өз есігін айқара ашты.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде