USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО Бородулиха ауданы дәрігер мамандармен толық қамтылған

ШҚО Бородулиха ауданы дәрігер мамандармен толық қамтылғанШҚО Бородулиха ауданы дәрігер мамандармен толық қамтылған. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифинг кезінде осылай деген аудан әкімі Г.Акулов Бородулиханың денсаулық саласының қызметі, қаржыландыруы жайлы жан-жақты ақпар берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан басшысының айтуынша, Бородулиха ауданында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында өлім саны азайып, туу көрсеткіші артқаны байқалады. Ауданның денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін қаржыландырудың көлемі де ұлғайған.

2012 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш аудан болып Бородулихада эндовидео-хирургиялық кешен жұмыс істейді, оның көмегімен 290 астам ота жасалыпты.

"Біздің аудан медициналық кадрлармен толық қамтылған. Соңғы үш жылда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында 15 жас дәрігерді жұмысқа тарттық. Жас мамандардың барлығын аудандық әкімдік тұрғын үймен қамтамасыз етті. Сонымен қатар олардың барлығына көтермеақы төленді. Міне, осындай іс-шаралардың нәтижесінде аудандағы медициналық кадр тапшылығы мәселесі түгелдей шешімін тапты", деді аудан әкімі Григорий Акулов баспасөз мәслихатында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде