USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде жарияланған тазалық айлығына қатыспайтын мекемелер де табылды

Өскеменде жарияланған тазалық айлығына қатыспайтын мекемелер де табылды2-қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы орталығын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша екі айлық сенбілік басталғаны белгілі. Алайда осы тазалық жұмыстарына мүлде қатыспайтын мекемелер де бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен аптада жүргізілген сенбілікке барлығы 1227 адам қатысып, 24 мың шаршы метр аумақ тазаланды. Ал осы жалпыға ортақ сенбілікке қол ұшын тигізбеген мекемелер де жетерлік.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Поломошнованың айтуынша, 16-қараша күні өткен сенбілікке шаһардағы бірқатар мемлекеттік мекемелер мүлдем қатыспаған.

Олардың қатарында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, жер қатынастары басқармасы, медициналық және фармацевтикалық қадағалау департаменті, балық шаруашылығы мекемесі, кедендік бақылау департаменті, СЭС, ІІД, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, білім саласын қадағалау департаменті және басқа да мекемелер бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: екі айлық сенбілік
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде