USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық онкүндік басталды

Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық онкүндік басталдыШығыс Қазақстан республикада алғашқы болып Тұңғыш Президент күніне орай тақырыптық онкүндікті бастап кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның аясында өңір бойынша 600-ге жуық қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

20-қараша күні Шемонаиха қаласында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір Отан, бір тіл – бір ел» форумы өтеді, оған елімізге танымал ағартушы-филолог, қоғам қайраткері Асылы Осман қатысады.

Қарашаның 23-і күні еліміздің үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Nazarbayev University делегациясы жергілікті университеттердің студенттерімен кездесіп, ШҚО ЖОО-мен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қояды.

Назарбаев Университетінде білім алып жүрген студенттердің ішінде шығысқазақстандықтардың үлес салмағы басқа облыстарға қарағанда әлдеқайда артық.

29-қараша күні «Назарбаев тану» ғылыми-сарапмалық орталықтың ашылуы көзделсе, 30-қарашада «Әлем назарындағы тұлға» тақырыбында облыс жастарының форумы ұйымдастырылмақ. Оған Лондон олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова, Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен «Қазақстан Барысы-2013» жарысынының жеңімпазы Айбек Нұғымаров қатысады деп күтілуде.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде