USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алғабастықтарға Жолдаудың саяси маңызы түсіндірілді

Алғабастықтарға Жолдаудың саяси маңызы түсіндірілдіАлғабас ауылдық округінде Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Р. Исабаева, қалалық ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын насихаттау мақсатында тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда бұл Жолдаудың жаңа стратегиялардың бастауы, жастарға жігер беретін бағдарлама және жас өскіндерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін Үндеу екенін түсіндірілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта біздің өмірімізге жат экстремизм, терроризм қауіптері мен діни ағымдар туралы айтылды.

Кездесуден кейін қалалық мәдениет басқармасының басшылығымен келген мәдениет үйі өнерпаздары халыққа концерт берді.

Сол күні тұрақтандыру қорынан төмен бағамен ұн, макарон өнімдері, қант, сұйық май, сарымсақ сияқты азық-түлік және мал азығы сатылды. Тұтынушыларға Омаровтар ательесінен трикотаж киім-кешектер ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде