USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жерлесіміз «Тәуелсіздік танытқан таланттар» жеңімпазы

Жерлесіміз «Тәуелсіздік танытқан таланттар» жеңімпазыАстанадағы «Шабыт» ұлттық университетінде «Бірлік» саяси партиясы «Тәуелсіздік танытқан таланттар» атты республикалық фестивалін өткізді. «Тәуелсіздік танытқан таланттар» жеңімпаздарының қатарында танымал ақын жерлесіміз, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Азамат Тасқара бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фестиваль барысында егемен еліміздің мәдениетіне айрықша үлес қосып жүрген жас таланттар бірнеше аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, олар «Әдебиет», «Сурет өнері», «Дәстүрлі өнер», «Дәстүрлі қазақ әндерін орындаушы», «Ерекше дарын иесі», «Қолданбалы өнер шебері және спорт» және «Мамандығым - мақтанышым» деген аталымдар бойынша марапатталып, қаржылай сый-сияпатқа ие болды.

Дарын иелерін ҚР Парламентінің Сенатының депутаты Ақан Бижанов, Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы» басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов және тағы да басқа азаматтар марапаттады.

Еліміздің әр өңірінен іріктелген жиырмадан аса «Тәуелсіздік танытқан таланттар» жеңімпаздарының қатарында танымал ақын жерлесіміз, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Азамат Тасқара да болды.Әдебиет саласы бойынша үздік жас ақын деп танылған Азаматқа жүлдені Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин тапсырды.

Кеште қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары "Музарт" тобы мен Маржан Арапбаева өнер көрсетті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: әдебиет жас таланттар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде