USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығысқазақстандық жас волейболшылар еліміздің құрамасына енді

Шығысқазақстандық жас волейболшылар еліміздің құрамасына ендіПетропавл қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында балалар лигасының күзгі чемпионаты мәреге жетті. Жарыстарда Өскеменнің «Барақ батыр» командасы үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарыс жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай үш топта өтті. Еліміздің облыстары мен қалаларының құрама командалары мен Ұлттық және жоғарғы лигаларындағы даярлық топтарының командалары қатысты.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы біздің өңірде волейболды дамытуға жете көңіл бөліп отыр. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің дүбірлі жарыстарға қатысқан сайын шеберліктері шыңдалып келеді. Соның нәтижесінде жүлделі орындардан көрініп жүр. 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қызылорда қаласының командасы бірінші орынды еншілесе, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екінші орынға шықты. Өскеменнің «Барақ батыр» командасы үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 1996-1997 жылы туған волейболшылар арасында да «Барақ батыр» ойыншылары Алматы қаласының, Оңтүстік Қазақ-стан облысының командаларынан кейін үшінші орынға ие болды.

1998-1999 жылдары туған волейболшылар командалары арасында «Барақ батыр» топ жарды. Алматылықтар екінші, оңтүстікқазақстандықтар үшінші орын алды.

Жарыс қорытындысында біздің облыстан Александр Жуков, Иван Веригин, Иван Крюков, Евгений Якутин, Елжас Зәкариянов еліміздің жасөспірімдер құрама командасына қабылданды. Олар келесі жылы ақпан айында болатын Азия чемпионатына қатысу үшін әзірлікті бастады. Бұл волейболшылар Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде оқиды.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде