USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде нәрестені ит талап тастаған

Өскеменде  нәрестені ит талап тастағанОблыс орталығындағы ана мен бала орталығына перзентханадан жаңа шыққан нәресте түсті. Оның денесінің бірнеше жерінен ит тістерінің ізі табылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық ана мен бала орталығының дәрігері Сергей Воротынцевтың айтуынша, жаңа туған баланы анасы жөргекке орап жатып, басқа бөлмеге кіріп кеткен. Осы сәтте бөлмеде жүрген ит баланы бірнеше жерінен тістеп, денесін тырнаған. Нәрестенің арқа тұсында, жамбасында, кеудесінде ит тісінен қалған жарақаттар бар. Қазір баланың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол әлі 5 күндей ауруханада емделетін болады.

Дәрігердің айтуынша, ит тісінен қалған жарақаттар жеңіл және залалсыз. Соған қарағанда үйде еркін жүрген ит кішкентай баламен ойнағанға ұқсайды.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде