USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Белгісіз аурудан 8 бас ірі қара өлді

Белгісіз аурудан 8 бас ірі қара өлдіТарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында белгісіз мал ауруы тіркелді. Ауыл тұрғыны Нұрболат Сәдуақасовтың қорасында 5 күннің ішінде 8 бас ірі қара қырылып қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ауыл ветеринары Жомарт Қанипанов бұл аурудың нақты қайдан пайда болғанын және қалай аталатынын білмей отыр. Ветеринар бірінен соң бірі өліп жатқан малдарға алдымен пастереллез деген диагноз қойыпты, алайда малдардың бір қорада тұрып қырылуы күмән тудырған.

Мал дәрігерлері малдың мұндай ауруын өңірден бұрын-соңды көрген емеспіз деп отыр.
– Алдымен екі көзі ағарып кетеді екен. Қан аралас тезек тастайды, мұрнынан су кетеді. 3 туғалы тұрған сиырым, 3 бұзау, 1 бұқа, 1 дөнежін әп-сәтте аурудың аузында кетті. Ауданнан комиссия келіп тексерді, бірақ ешқайсысы бұл кеселдің қандай ауру екендігін дөп басып айта алмай отыр, – дейді малдың иесі.

Талапқа сәйкес өлген малдар бірден залалсыздандырылып, қораға дезинфекция жасалған. Аудандық ветеринария бөлімінің маманы Дүйсенбек Төленбаевтың айтуынша, ауру малдан алынған сынамалар қазір зерттеуге жіберіліпті. Қорытынды алдағы уақыттарда шықпақ. Жұрт бұл кеселдің жұқпалы болмауын тілеп отыр. Қорасындағы адал малынан аяқ асты айырылып қалған Нұрболат болса, өтемақыдан үміттенетінін айтады.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі:Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде