USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үздік дзюдоистер Өскеменде жаңа жекпе-жек Сарайында жиналды

Үздік дзюдоистер Өскеменде жаңа жекпе-жек Сарайында жиналдыӨскемен қаласындағы жаңа жекпе-жек Сарайында еліміздің үздік дзюдоистері жиналды. Ғимарат ресми түрде ашылмаса да, спортшылар бүгін бастау алатын республикалық чемпионатта мықтыларды анықтайды. Жарысқа қатысып, шеберлігін паш ететін дзюдоистер алғашқы болып жаңа ғимараттың негізгі аренасы мен жаттығу залдарын сынамақ.

Сарайдың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, бүгінгі таңда мердігерлер аумақты абаттандырумен айналысуда.

Енді жас споршылар заманауи стандарттарға сәйкес келетін, арнайы мамандандырылған Сарайда жаттығуға мүмкіндік алды. Сарайдың көрермендер залы 1200 адамға шақталған. Бұған қоса үш жаттығу залы мен киім ауыстыру бөлмелері өз жұмысын бастамақ.

Ал республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін тәрбиелеген Шығыс өңірі үшін аталмыш чемпионаттың Өскеменде өтуі жергілікті тұрғындар үшін айрықша мән береді.

Бұған қоса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортқа бет бұрған шығысқазақстандықтардың саны күрт артты. Облыс намысын түрлі жарыстарда қорғап келген 4 мыңға жуық спортшы 700-ден астам залда, 72 жаттықтырушының қол астында шынығып келеді. Олардың ішінен Қазақстанға еңбегі сіңген Серік Тоқтарғазин мен Иван Цикунов сынды бапкерлерді ерекше атап өтуге болады.

- Спортпен шұғылданатын бұқараның саны 330 мың адамды құрайды, облыста 20 мыңнан астам жас жеткіншекті тәрбиелеп келген 3 мыңға жуық спорттық нысан, 34 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеді. Табиғи және жасанды төсемдері бар 112 футбол алаңы бар. Таяуда жеңіл атлетика манежін, Олимпиадалық жүзу бассейнін іске қосу жоспарлануда. Зырян, Риддер қалаларында хоккей модульдерінің, Шимонаиха ауданында спорттық модульдің құрылыс жұмыстары басталмақ, - деді әкім өз сөзінде.

ШҚО ақпараттық орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде