USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей өңірін аралайды

«Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей өңірін аралайдыСемей қаласы әкімі Айбек Кәрімовтің бастамасымен «Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей шаһарынан шалғай орналасқан ауылдарға шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Керуеннің бірінші тоқтаған жері 350 шақырым жерде орналасқан Алғабас ауылдық округі болды.

«Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей өңірін аралайдыБұл жерде халыққа арзандатылған бағамен ауыл шаруашылығы бөлімі дайындаған мал азығы және тағамдар, жылы киімдер сатылды. Мәдениет бөлімі дайындаған концерт ауыл тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады. Ішікі саясат бөлімінің жастар орталығы және «Жас Отан» ЖҚ ауыл жастарымен кездесіп, жастар саясаты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Денсаулық сақтау басқармасының арнайы жабдықтаған жедел жәрдемі ауыл тұрғындарына қабылдаулар жасап, жеңілдетілген бағамен дәрі- дәрмектер сатты. Қалалық білім бөлімі өз кезегінде ауыл мектебі ұстаздарына арнайы семинарларұйымдастырды. Қала әкімі орынбасары Зәуреш Рамазанқызы ауыл тұрғындар жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектеріне құлақ салды.
«Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей өңірін аралайды
«Ауылым-асыл қазынам» атты үгіт-насихат керуені Семей өңірін аралайды
Бұдан кейін керуен Қайнар, Абыралы, Ақбұлақ ауылдарына бұрылды. Аталмыш елді мекендерде де Алғабас ауылында жасалған іс-шараларжалғасын тапты. Ауыл тұрғындары осындай игі бастаманың көп болуы туралы тілектерін айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде