USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қоқыс шығару өскемендіктерге қымбатқа түспек

Қоқыс шығару өскемендіктерге қымбатқа түспекШҚ облысы орталығында тұрмыстық қалдықтарды шығару ақысын қымбаттату мәселесі қарастырылып жатыр. Тиісті құжаттың жобасы қалалық депутаттардың назарына ұсынылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, осыған дейін қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтарға 94 теңге төлеген болса, енді ол 156 теңгеге өсірілмек. Жеке секторда тұратындар үйінің салынған жылына байланысты бұрын 312-382 теңге төлеп келсе, енді сол үйде тіркелген әрбір жан басынан 199 теңгеден алу көзделген. Ал заңды тұлғалар ай сайынғы 833 теңгенің орнына 1021 теңге беруі тиіс. Егер депутаттар жобаны мақұлдаған жағдайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап құжат күшіне енбек.

Бағаны көтеру бірінші кезекте жұмысшылардың еңбекақысын көтеру арқылы қызмет сапасын арттыру үшін жасалып отырған қажеттілік, дейді «Өскемен-Тазалық» мекемесінің өкілдері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қызмет көрсету
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде