USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Семей» өткізу-бақылау пунктінде екі браконьер құрықталды

«Семей» өткізу-бақылау пунктінде екі браконьер құрықталдыШекарадан ителгі өткізбек болған браконьерлер ұсталды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстан азаматтары болып табылатын екі браконьер «Семей» өткізу-бақылау пунктінде қолға түскен. Олар мінген көліктің артқы орындығынан арнайы жасырын орын анықталған.

«Опел омега» көлігін тексеру барысында артқы орындықтың астынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумағында Қызыл кітапқа енген, табиғатта сирек кездесетін 6 бірдей ителгі құс табылды» - деп көрсетілген мәлімдемеде.

Қызыл кітапқа енген ителгіні заңсыз аулап, пайда таппақ болған азаматтарға қылмыстық іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қылмыс
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде