USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Катонқарағайлық студенттер туған аудандарының әкімімен жүздесті

Катонқарағайлық  студенттер туған аудандарының әкімімен жүздестіӨскеменде білім алып жүрген Катонқарағайдан шыққан студент жастар туған аудандарының әкімімен жүздесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың бас ғимаратында өткен кездесуге аталмыш оқу орнында білім алып жүрген катонқарағайлық жас өрендер мен облысқа есімі танымал зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесу басталмас бұрын аудандағы мәдениет, техника, педагогика саласының мамандары жас жерлестерін қабылдап, ауылда іс-тәжіриебеден өту, алдын ала жұмысқа орналасу жөнінде хаттамалар толтырды. Өңірде болып жатқан оң өзгерістер жөнінде аудан әкімі Дәурен Тілеубаев баяндап берді.

Студенттер аудан басшысына елге оралған жағдайда қандай іске мұрындық болғылары келетінін айтып, жобаларын ұсынды, қандай қолдау болатынын сұрады. Әр саланың бөлім басшыларымен бірлесе отырып жастардың сұрағына тұщымды жауап берген Дәурен Тілеубаев былтырғы жылдың өзінде ғана 28 жас маман туған ауылдарына оралып, көтерме ақы алғанын жеткізді. Сондай жас маманның бірі - Малонарым орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Азиғат Ешекенова Астанадан ауылға оралғанына еш өкінбейтінін айтады. Шара соңында биылғы оқу жылында аудан әкімінің грантына ие болғандарға тиісті сертификаттар табысталды.

Шара аясында жұмысқа орналасуға ниет танытқан 35 болашақ түлек ресми хатаммаға қол қойып, бірнеше студент іс-тәжірибеден өтуге өтініш білдірді.


Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ауыл жастары
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде