USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда саяжайдан жанып кеткен адамның денесі табылды

Шығыс Қазақстанда саяжайдан жанып кеткен адамның денесі табылдыӨскемен қаласындағы бағбандар қоғамының бірінде өрт кезінде жанып кеткен адамның денесі табылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бақытсыз оқиға Новотроицк ауылындағы саяжай үйлерінің бірінде орын алған. Үйдің ағаш құрандылары от құшағына оранып, барлығы 30 шаршы метр аумақтың күлі көкке ұшты.

Өрт сөндірушілер келгенше төбенің жабындысы опырылып түсіп, тілсіз жау айналасындағын түгел жалмаған. Лаулаған отты сөндіру кезінде жанып кеткен адамның мүрдесі табылды. Қазір мамандар оның жынысы мен кімдікі екенін анықтап жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: саяжай
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде