USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстан облысында «Жүргізуші, менің өмірімді сақташы!» атты акция басталды

Шығыс Қазақстан облысында «Жүргізуші, менің өмірімді сақташы!» атты акция басталдыШығыс Қазақстан облысында «Жүргізуші, менің өмірімді сақташы!» атты акция басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі, облыстық әкімшілік полициясы басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.

Акция шеңберінде Өскемендегі Жібек маталар қалашығында орналасқан «Балбөбек» бала бақшасында 3-4 жастағы бүлдіршіндерге жолдағы қауіпсіздік жайлы ашық сабақ өткізіледі. Бөбектерге жол жүру қозғалысының негізгі ережелері түсіндіріліп, бағдаршамдарның түрлерімен танысады. Балғындар өз кезегінде жол қауіпсіздігі туралы тақпақтарын оқиды.

Әкімшілік полициясының бөлімшелерінде жол ережесін бұзғандарға жолдағы қауіпсіздік тақырыбына жазылған шығармалар жиынтығы, суреттер мен аппликациялар табыс етіледі. Жол қауіпсіздігі ережесін бұзғандарға қозғалыстың жас инспекторлар отрядтарының мүшелері суреттер үлестіреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде