USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

15-қараша - Ұлттық валютамыз теңгенің туған күні

15-қараша - Ұлттық валютамыз теңгенің туған күні15-қараша - Ұлттық валюта мен қаржы саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Биыл ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енгеніне жиырма жыл толып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әуелде ұлттық валютаның бағамы 1 долларға шаққанда 4,75 теңге болды. Әрине, теңгенің құны неғұрлым төмен болса, экспорт салаларына пайдалы. Теңгені еркін жүзуге жібергеннен кейін оның бағамы 1 долларға шаққанда 140-120 теңге аралығында тұрақтады. Ұлттық банк теңгеге девальвация жасаған соң бағамы 120-дан 150-ге көтерілді.

Қалай болса да қазақ өзінің теңгесіне көп үміт артады. Дизайны сан өзгеріп, талай мәрте құны төменге құлдыраса да қазақ өз ақшасын «көк қағаздан» артық санайды. Бүгінде қағаз ақшалар 200, 500, 1000, 5000, 10000 теңге номиналдарымен шығады.

Ұлттық банк әзірге одан үлкен көлемдегі номиналдар шығару жоспарда жоқ екенін айтады. Бұл таяу уақытта теңгенің құны тұрақты боларын білдіреді.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде