USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс ауылын сапасыз салған мердігерлер жазаға тартылды

Шығыс ауылын сапасыз салған мердігерлер жазаға тартылдыШығыс ауылын сапасыз салған мердігерлер жазаға тартылды. Мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланып, құрылыс жұмыстарынан кейін анықталған кемшіліктерді жоймаған «Құмаров и К» ЖШС басшысы қамауға алынды, енді жауапқа тартылмақ. Бұл жөнінде ШҚО әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізген кездесуінде облыс прокуроры Бағбан Таймбетов мәлімдеді.

«Нұры көш» бағдарламасы бойынша тұрғызылған ауылдың жылу мен жарық мәселесі бүгінде шешімін тапты. Құрылыс сапасына шағымданған жергілікті тұрғындар биылғы қысты жөндеуден өткен жылы үйлерде қарсы аламыз деп үміттеніп отыр. Ал 298 үйді тұрғызған «Бытстрой» ЖШС-нің кемшіліктерін жойып, салынған үйлерді өз қаражатына жөндеуге ниет білдірген «Берел Құрылыс» ЖШС алдымен жағдайы төмен 80 отбасына көмек көрсетпек.

Бұған дейін электрлі пештің тиімсіздігін алға тартқан тұрғындар енді үйді отынмен жылытуға мүмкіндік алды. Қала әкімдігі көмірмен жылытатын пеш жеткізіп берді. Ауылдың басым бөлігіне жаңа пештер орнатылды.

Тұрғындармен тоқсан сайын кездесу өткізіп тұратын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті жиылыста негізгі түйткілдерді тағы бір пысықтады. Жергілікті жұрт «Шығысэнерготрейд» компаниясынан келетін есеп-шоттардың орыс тілінде келетіндігіне шағымданып, миграциялық полицияда есепке тұру мәселесін көтерді. Әкім бұл мәселелерді заңның аясында шешу қажеттігін атап өтті. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктерді түзеуге қала әкімдігі мен кәсіпкерлер жұмыла кіріскен.

ШҚО ақпараттық орталығы
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Шығыс ауылы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде