USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қой жүнін Шығыс Қазақстаннан Ресейге экспорттауға жағдай жасалуы тиіс

Қой жүнін Шығыс Қазақстаннан Ресейге экспорттауға жағдай жасалуы тиісШҚ облыстық үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті селекторлық мәжілісінде облыс басшысы Б.Сапарбаев жауапты шенеуніктерге осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Абай ауданында қанша жылдан бері ысырап болып, жерде жатқан қой жүнін алғашқы өңдеуден өткізетін «Дериар – Ертіс» шағын кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Аудан әкімінің орынбасары Марат Еділбаев баяндағандай, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейтін болса, жылына 2194,5 тонна жүн жуып, 55 тонна ланолин, 330 тонна басқа да жүн өнімі түрлерін алуға болады екен.

Жаңа өндіріс орнына 79 адам жұмысқа алынған. Өндірісті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол. Кәсіпорын ауданның 72 шаруа қожалығымен, сондай-ақ, Жарма ауданының 30 шаруа қожалығымен жүн сатып алу жөнінде келісімге отырған. Кәсіпорынға «Ертіс» ӘКК арқылы 25 млн. теңге несие беріліп, қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.

Өңделген жүн Ресей, Беларусь, Қытай елдеріне сатылмақ. Осы уақытқа дейін фабрика шаруашы-
лықтардан 560 тонна жүн қабылдап, 32 тоннасын өңдеуден өткізіп үлгергенімен, дайын өнім шетке шығарылмай тұр. Себебі, облыста тіркелген аусыл ауруына орай енгізілген карантиндік мерзімге
байланысты жүн басқа мемлекеттерге экспортталынбай отыр.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аудан әкімінің орынбасарына, ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары мен өз орынбасарына жүн өнімдерін Ресейге өткізу мәселесін шешуді тапсырды.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде