USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Еуразиялық ұлттық университетінің инновациялық паркі Бесқарағай ауданына биоотын өндіретін зауыт салып бермекші

Еуразиялық ұлттық университетінің инновациялық паркі Бесқарағай ауданына биоотын өндіретін зауыт салып бермекшіАстана қаласындағы Еуразиялық ұлттық университетінің инновациялық паркі Бесқарағай ауданына биоотын өндіретін зауыт салып бермекші, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Брифинг барысында "ағаш өңдеу жобасы қай кезеңде тұр?" деген сауалға аудан әкімі Нұрлан Сыдықов осылайша жауап берді.

Аудан басшысының берген ақпаратына сүйенсек, ағашты қайта өңдеу бойынша екі жоба қолға алынған.

Олардың бірі – «Ертіс» корпорациясымен бірлесе құрылған «Экоотын» серіктестігі, қазіргі кезде оның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген, енді техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр.

Екіншісі – Астана қаласындағы Еуразиялық ұлттық университетінің инновациялық паркімен бірлесе жасалған ағаштан биоотын өндіру жобасы. Оның шеңберінде инновациялқ парк өз қаражаты есебінен зауыт салып, осы отынның түріне аудандағы бір мектептің қазандығын тәжірибе ретінде жабдықтап шықпақ.

Нұрбек Бекенов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде