USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Қара толқын» Өскеменнің үстінен өтеді

«Қара толқын» Өскеменнің үстінен өтедіШҚ облысы орталығында жол-көлік апатында зардап шеккендерді еске алудың Бүкіләлемдік күні – 17-қарашада «Қара толқын» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІБ-ның баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Қара түсті машиналардың шеруі «ММС- Орталық алаң» маршруты бойынша Тәуелсіздік даңғылы – Әуезов – Славский атындағы жағалау көшелерімен ақырын жылжып өтеді. Одан кейін аспанға ақ-қара түсті үрленген шарлар ұшырылады.

«Қара толқын» Өскеменнің үстінен өтедіОблыстық әкімшілік полициясы басқармасы қалалықтарды жол-көлік апатында зардап шеккендерді еске алудың Бүкіләлемдік күні ынтымақтастық білдіруге шақырады. Олар жүргізушілерден бір мезетте, жергілікті уақыт бойынша сағат 12-00-де көліктердің жақын фарын жағып, сигнал беру арқылы жол-көлік оқиғаларының зардап шегушілерін еске алуды сұрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде