USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алтай маралын заңсыз аулаған қылмыскер қолға түсті

Алтай маралын заңсыз аулаған қылмыскер қолға түстіЗырян ауданының полиция қызметкерлері «Браконьер» операциясын өткізу барысында Алтай маралын заңсыз аулаған 33 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол қалың қарағай арасына болат трос сымдардан тұзақ құрып, маралдарды мылтық дауысын шығармай аулаған. Браконьер екі маралды бірдей боршалап жатқан жерінде қолға түскен. Қылмыс үс-тінде ұсталған ол табиғатқа 692 мың тең-ге залал келтіріп отыр. Қазір браконьердің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Зырянда биыл көктем мезгілінде тағы бір азамат орман арасында қарға батып қалған маралды балталап жатқан жерінен қолға түсіп, ірі көлемде айыппұл төлеген еді. Араға 7-8 ай салып тура осындай оқиға екінші мәрте қайталанып отыр. Заңсыз марал аулаған браконьердің енді жазадан құтылмасы анық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде