USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көкпектілік кәсіпкер алаяқ болып шықты

Көкпектілік кәсіпкер алаяқ болып шықтыӨскемен қаласында құқық қорғау орындарына зейнеткерден шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен 7 500 000 теңге қаржы алып кеткені туралы арыз келіп түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында тұратын 74 жастағы қарияның айтуынша, Көкпекті ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы кепілдікке деп алдап, оның жеті жарым миллион теңгесін қағып кетіпті.

Үстіміздегі жылдың 16-сәуірінен бері 60 жастағы көкпектілік кәсіпкер қайтып зардап шегушінің көзіне түспеген. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмысты іс қозғалып, алаяқты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қылмыс
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде