USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бесқарағай әкімі Ақкөл мешітін мұражайға айналдыру туралы бастама көтеріп отыр

Бесқарағай әкімі  Ақкөл мешітін мұражайға айналдыру туралы бастама көтеріп отырБесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов тарихы тереңде жатқан әйгілі Ақкөл мешітін мұражайға айналдыру туралы бастама көтеріп отыр. Аудан басшысы бұл жайында баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Ауданымыздағы әйгілі Ақкөл мешіті 1807 жылы салынған. Ол жерде қазір мешіт жасау мүмкін емес, себебі ол маңда бүгінде ешқандай елді мекен жоқ. Тарихи ғимараттың қазіргі жағдайы, әрине, сын көтермейді. Оны өзім барып көрдім. Апаттық жағдайда тұр. Ғимаратты Өскеменге алып келіп, саябақ ішіне орналастыру туралы пікірлер де айтылған. Бірақ, дұрысы – сол жерде реставрациядан өткізу. Мен «Семей орманы» мекемесіне осы ғимаратты өз қарамағына алып, одан мұражай жасау туралы ұсыныс жасап отырмын, "- деп түсіндірді Н.Сыдықов бұл мәселені.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде