USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дәрінің кешіктіріліп жеткізілуі салдарынан екпе жұмыстары Шығыста кеш басталды

Дәрінің кешіктіріліп жеткізілуі салдарынан екпе жұмыстары Шығыста  кеш басталдыМемлекеттік сатып алу жүйесінің қиындықтарына байланысты аймағымызға малдарға арналған екпе дәрі үш айға кешігіп жеткізілді. Осының салдарынан ағымдағы жаз айында өңірдің кейбір аудандарында аусыл ауруы анықталған болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандарының ақпаратына сүйенсек, мүйізді ірі қара және ұсақ малдарды егу шаралары біздің облыста биылғы наурыз айында басталды. Көктемгі науқанға препараттар дер кезінде берілгенімен, үш айдан кейін жүргізілетін екінші қайтара егуге дәрі-дәрмек табылмай қалған. Осының салдарынан биылғы жазда кейбір аудандардың мүйізді ірі қара малдары аусыл ауруын жұқтырды.

Дегенмен мамандар қазір қажетті екпе дәрілер тиісті көлемде жеткізілгенін айтады. Егу жұмыстары тәртіпке сәйкес жалғасуда. Ветеринарлардың пікірінше, күзгі екпенің нәтижесі түліктерге ешқандай зиян шектірмеуге тиіс.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. наблюдательная
    не поняла, а что, безопасность ветеринаров уже отменена? почему врач без перчаток работает? ужас какой-то!
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде