USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жеңгетайлықпен айналысқан әйел Семейде қолға түсті

Жеңгетайлықпен айналысқан әйел Семейде қолға түстіСемей қаласында өткізілген «Барыс» жедел алдын алу шарасы барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген келіншек әшкереленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шар көшесінде тұратын күдікті қонақ үйі кешендерінің бірінде әкімші болып істейді. Сол маңайдағы Әуезов көшесінің тұрғындарының сөзіне қарағанда, келіншек жұмыс орнын жезөкшелікпен айналысатын, сауық-сайран құратын орынға айналдырып жіберген. Полиция қызметкерлері қылмыс орнынан 10000 теңге ақша тауып алды.

51 жастағы әйел өз кінәсін мойындап отыр. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 271-бабының 1-бөлімі бойынша қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қылмыс жеңгетайлық
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде