USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бесқарағай ауданында жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады

Бесқарағай ауданында жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынадыШҚО Катонқарағай ауданындағы сауықтыру кешендерімен танымал «Екі Дос» ЖШС енді Бесқарағай ауданында жаңа спорттық-сауықтыру кешенін салмақ. Бұл жөнінде Бескарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов брифингте мәлімдеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан басшысының айтуынша, серіктестікке осы мақсатқа пайдалану үшін Старая Крепость ауылының маңынан 3 мың гектар жер бөлініпті. Кәсіпкерлер аталмыш жобаға 260 млн. теңге қаражат құюды көздеп отыр. Кешен алғашқы дем алушыларды 2014 жылдың шілде айында қабылдай бастайды.

Бесқарағай ауданында жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады- Бұл кешенде марал мүйіздерінен жасалатын дәрімен, сазбен, ат үстінде серуендеумен емдеу жүргізіледі. Сонымен қатар демалыс саябағын, , хоккей қорапшасын, шаңғы базасын ашу жоспарға алынған. Ең бастысы, жаңа сауықтыру кешенінің маңында емдік қасиеті бар "Святой источник" деген атауға ие су көзі орналасқан. Алдағы уақытта кешен ауданның әлеуетін арттырып, туристік саланың дамуына ықпалын тигізері сөзсіз, - деді Н.Сыдықов баспасөз мәслихатында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz[/right]
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: брифинг
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде