USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

АҚШ Қорғаныс министрлігі Семей полигонына бейнебақылау жүйесін орнатты

АҚШ Қорғаныс министрлігі Семей полигонына бейнебақылау жүйесін орнаттыАҚШ Қорғаныс министрлігі полигон аумағына бейнебақылау жүйесін орнатты. Бейнебақылау жүйесін орнатумен қатар, олар бұған қатысты жұмыстардың барлық шығындарын өз мойындарына алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры, ғалым Эрлан Батырбеков полигонда осымен екінші жыл қатарынан аса маңызды стратегиялық нысандар қорғауға алынып отырғанын айтады.

Америкалық әріптестер мен аталған орталықтың мамандары бірлесіп, Дегелең тауы аймағындағы бейнебақылау жүйесін арнайы сынақтан өткізген. Аталмыш бақылау жүйесі полигонның қауіпті аймақтарына бөгде адамдардың кіріп кетпеуін қадағалайды. Ал егер оқыс оқиғалар орын алып жатса, орталыққа бірден белгі беріліп, бар жайт онлайн-жүйеде көрсетіледі. Алдағы уақытта полигонның аса қауіпті саналатын басқа да нүктелері осындай құралдармен жабдықталмақ.

– Полигон аумағында жүргізіліп жатқан қорғаныс жұмыстары туралы былтырғы Сеул саммитінде АҚШ, Ресей және еліміздің Президенттері ерекше атап айтқан болатын, – дейді Эрлан Батырбеков.



Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде