USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Глубокоелік кәсіпорын Қазақстан көшбасшысы атанды

Глубокоелік кәсіпорын Қазақстан көшбасшысы атандыАстана қаласында Ресей, Украина, Беларуссия және Қазақстан экономикасы көшбасшы кәсіпорындарының халықаралық экономикалық форумында еліміздегі таңдаулы кәсіпорындарды марапаттау рәсімі өткізілді. Бірнеше жылдың жұмысы қорытындыланып, сарапқа салынған сәтте глубокоелық «УК Энергосервис» ЖШС «Қазақстан көшбасшысы-2013» марапатына ие болды. деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл марапатқа кәсіпорынды Ұлттық бизнес-рейтингтер орталығы ұсынған. «Ұлттық бизнес-рейтинг» жобасы ТМД және кедендік одақ елдерінде кеңінен танымал. Ғылыми-ақпараттық статистикалық зерттеу орталығы мен мемлекеттік статистикалық есептік сараптау қорытындысы бойынша мекеме басшысы Манарбек Тоқажанов «Қазақстан Даңқы», оның орынбасары Толқын Токова «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» белгісін, мекеме жұмысшысы Борис Грохотов «Жыл маманы-2013» ұлттық сертификатын иемденді, ал ұжымның өзі «Қазақстан көшбасшысы-2013» медалімен марапатталып, ұлттық сертификатқа ие болды.

Мекеме сегіз жылдан аса құрылыс саласында жұмыс атқарып, халық игілігіне қалтқысыз қызмет етуде. Заманға сай техникамен жабдықталған мекеме мердігер ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қолға алған, елді мекендердегі жарықтандыру, тазалық, көріктендіру жұмыстарына белсене атсалысуда.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Манарбек Тоқажанұлы өз қаражатына Черемшанка мәдениет үйіндегі би бөлмесін күрделі жөндеуден өткізіп, Секисовка ауылында волейбол алаңын салды. Малоубинка ауылындағы балалар демалыс орталығына қажетті қаражат бөліп, Оралхан Бөкей атындағы қазақ мектебі мен аудан орталығындағы орыс мектебіне спорттық киімдер әперді.

Эльмира Тайырқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде