USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыстағы шаруа қожалықтарының бірі биологиялық қоспалар шығарады

Шығыстағы шаруа қожалықтарының бірі  биологиялық қоспалар шығарады"Багратион-2" шаруа қожалығында қазіргі күні 800-ге тарта теңбіл бұғы өсіріліп жатыр. Шаруашылық өткен жылдан бері маралдың мүйізін өңдеп, биологиялық белсенді қоспалар шығаруда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемендіктер қазір «Пантомарал» деп аталатын қоспаларды «Баграти-он-2» шаруашылығының қаладағы 15 сауда дүңгіршектерінен сатып ала алады.

Арнайы сәйкестік сертификатымен, Денсаулық сақтау министрлігінің куәлігімен, өзге де тиісті құжат-тармен расталған «Пантомарал» өнімі түйіршік таблеткалар мен ұнтақ түрінде және төрт түрлі шөппен, балмен араластырылған күйінде өндіріліп жатыр. Жаңа өнімнің барлық стандарттық талаптарға сай бо-луы оны Кедендік одақ елдерінде саудалауға мүмкіндік беріп отыр.

Құрғақ панты өндірісі цехында жылына 10-15 тонна өнім өндіруге болады. Марал мүйізінен осындай
ерекше технологиямен панты алуға болатын құрал-жабдықтарды жасап шығарған «Вибромаш УК» директорының айтуынша, өнімге деген сұраныс болса, цехтың қуаты бүкіл облыстағы марал шаруашы-лықтарының өнімін өңдеуге жетеді.


Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде