USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО драма театрының артистері жаңа жылдық ертегі-спектакльдің дайындығына кірісті

ШҚО драма театрының артистері жаңа жылдық ертегі-спектакльдің дайындығына кірістіЖамбыл атындағы ШҚО облыстық драма театрының артистері «Золушка немесе мәселе тіпті де шәркейде емес» атты жаңа жылдық ертегі-спектакльдің дайындығына кірісіп кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа қойылымның авторы әрі режиссері Татьяна Бабаева мен қоюшы суретші Владимир Лукьянов артистермен бірлесіп, күн сайын әртүрлі жаңа жылдық таңғажайыптар мен трюктерді ойластыруда. Әндерін жазған Светлана Апасова.

«Жаңа жыл балалар мен ересектердің асыға күтетін сүйікті мерекесі. Ал Жаңа жылды ертегісіз елестету мүмкін емес. Таңғажайыптар мен құпияларсыз қандай мейрам болсын?! Сол себепті де біз «Золушка немесе мәселе тіпті де шәркейде емес» ертегісі біздің театр сахнасында қойылатын ең ғажайып та романтикалық қойылым болады деп үміттенеміз», деп бөлісті бізбен театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Антонова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Жамбыл театры
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде