USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Зыряндағы орталықта көрсетілетін қызметтердің көлемі кеңейді

Зыряндағы орталықта көрсетілетін қызметтердің көлемі кеңейдіЗырян қаласының аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүгедектер мен қарттарға арналған күндізгі бөлімі 120 адамға әлеуметтік қызмет көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мекеме жыл басынан бастап жергілікті бюджет қаражатынан жұмыс істейді. Ал 1- қарашадан бастап көрсетілетін қызметтердің көлемі кеңейді, ендігі жерде бөлімшедегі адамдар онда күні бойы болып, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.

Сонымен қатар 10 күн бойы зейнеткерлерге жартылай стационар жағдайында кешенді әлеуметтік қызметтер, медициналық процедуралар, емдік массаж ұсынылады. Бұл курсқа сондай-ақ, түрлі жаттығулар, фито-шай және кислородты коктейль, психологтың көмегі мен мәдени демалыс шаралары кіреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде